Жамбыл облысында педофил кінәсін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында  педофил кінәсін мойындады

Жамбыл облысында педофил кінәсін мойындады

Жамбыл облысында 4 жасар баланы зорлады деп ұсталған азамат кінәсін мойындап, жасаған қылмысын тәтпіштеп түсіндіріп берді. Педофил бүлдіршінді өлтірген соң ғана арам ойын жүзеге асырған екен.

  • 23 Мамыр 2015
  • 503
Фото - Caravan.kz

Тұншықтырдыңыз, сосы қай жерге жатқыздыңыз осы бөлмеде?

-Мына жерге былай, арқасымен  жатты.

Басты күдікті ретінде марқұм сәбидің 55 жастағы көршісі айыпталған. Себебі, баланың өлі денесі сол үйдің ескі тоңазытқышының ішінен табылды.  Сорақысы, күйеуінің қылмысын біле тұра, әйелі оны жасырмақ болыпты. Тіпті бүлдіршіннің жақындарымен бірге іздеу жұмыстарына қатысқан. Тек иісшіл ит іске кіріскенде, жауыздықтың әшкере болатынын сезсе керек. Сөйтіп жолдасы жасырған өлі денені тауып алдым деп әке-шешесіне өз қолымен тапсырған. Алайда үш тәуліктен соң педофил кінәсін толық мойындады. Қаскөй баланы үйге алдап кіргізіп, алдымен ұрып өлтіріпті. Тек содан соң азғындыққа барған. Ал оның денесін тоңазытқышқа жасырып, ауылдан шығармақ болса керек. Бірақ тәртіп сақшылары мен әскерилер ауылды қоршап алған соң, жоспарларын іске асыра алмаған. Енді ерлі-зайыптыларды қатаң жаза күтіп тұр.