Жамбыл облысында қаржы полициясы тәркіленген тауарды сатудың орнына құртып жатыр - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қаржы полициясы тәркіленген тауарды сатудың орнына құртып жатыр - телеарна

Жамбыл облысында қаржы полициясы тәркіленген тауарды сатудың орнына құртып жатыр - телеарна

Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында қаржы полициясы тәркіленген тауарды сатудың орнына құртып жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 15 Тамыз 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Қаржы полициясының жауапсыз қызметкерлерінің арқасында мемлекет қазынасына шамамен 400 млн теңге түспей қалды», — деп хабарлады телеарна.

Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, Жамбыл облысының қаржы полиясының соңғы үш жылдағы қызметін прокурорлық тексеру қаржы полициясы тәркілеген көптеген заттай айғақтардың жарамсыз болып қалғанын көрсеткен. Өйткені, оларда тиісті бақылау болмаған.

Полиция қызметкерлері өздерін ақтау үшін оларда заттай айғақтарды сақтау мүмкіндігі болмады деп дау айтқан. Дегенмен, прокурорлар да қаржы полициясының бұл мәселені бір де бір рет көтермегенін мәлімдеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар