Жамбыл облысында қылмыстық істі тоқтату үшін 4 млн теңге алған тергеуші сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қылмыстық істі тоқтату үшін 4 млн теңге алған тергеуші сотталды

Жамбыл облысында қылмыстық істі тоқтату үшін 4 млн теңге алған тергеуші сотталды

Жамбыл облысында экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі үш жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 17 Маусым 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлтық бюро облыстағы СҚЖД-нің аға тергеушісі Мақұлбек С. мырзаның алаяқтыққа қатысты тергеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, тергеуші Мақұлбек Ж. есімді азаматтан өзінің қарауында жоқ қылмыстық істі тоқтату  үшін 4 миллион теңге алған.

"6 маусымда Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен тергеуші үш жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар 6-класты біліктілік санаты алынып тасталды" — деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар