Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы қырым қанды безгегі жөнінен қолайсыз аймаққа жатады. Маусым айының басында тағы да осындай диагнозбен бірнеше адам ауруханаға түскен болатын.
Жамбыл облысында қырым қанды безгегін жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына Жамбыл ауылынан 19-маусым күні қырым қанды безгегімен ауыруы мүмкін деген күдікпен 34 жастағы ер адам жатқызылған. Нәтижесінде ауру диагнозы дәлелденді. Дәрігерлердің пайымдауынша, әлгі адам қой жүнін қырқу кезінде қолына кене қанының жұғуы салдарынан ауырған . Емдеу процедурасынан өтіп жазылған науқас 3-шілдеде ауруханадан шығарылды.