Жамбыл облысында студенттің өліміне ұстазы айыпталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында студенттің өліміне ұстазы айыпталып жатыр

Жамбыл облысында студенттің өліміне ұстазы айыпталып жатыр

Жамбыл облысында өз-өзіне қол салған жігіттің туыстары оның өліміне ұстазын кінәлап отыр. 19 жастағы студенттің денесі мұғалімнің үйінде асылып тұрған жерінен табылған. Сондықтан Сырымның қазасына үй иесі Кемел Бекназаровтың тікелей қатысы болуы мүмкін деп күдіктенеді. Ал дене шынықтыру пәнінің маманы шәкіртін махаббаттың құрбаны болған деп ақталуда. 

  • 28 Мамыр 2014
  • 304
Фото - Caravan.kz

Меркілік Сырым Сырғабаев Рысқұлов ауданындағы техникумның шәкірті болған. Ауыл арасы қашық болғандықтан, ол дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінде 2 жыл жатып оқыпты. Марқұмның жақындары ұстаздың өзі оны аттай қалап қолына алған деп отыр. Ал өткен айда үйге баланың өлі денесі жеткізілген. Мына бөлмеде асылып тұрған Сырымды ұстазы Кемел Бекназаров ағытып алыпты. Алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен тым кеш еді дейді. Айтуынша, бозбала ғашығы тұрмысқа шығудан бас тартқан соң, асылып қалыпты. Ал Сырымның туыстары мұғалімнің өзінен күдіктеніп жүр.

Заңның аясында жауап беремін мен егер кінәлі болсам.

Сен өлтіремін деп өлтірген жоқсың, байқаусызда..

 Мен ұрысқан да емеспін оған. Ондайдың керегі не? Мені жеп бітірдіңіздер ғой

Өлтіре салыңыздар мені…

Қос тараптың да жүйкесі әбден жұқарған. Бір-бірін түсінуден қалып, тіпті жаға жыртысуға дейін барды. Сырымның жақындары ол махаббат үшін жанын қиды дегенге күмәнмен қарайды. Алланың хақ жолында жүріп, бес уақыт намазды қаза қылмайтын азамат өзіне қол салудың ауыр күнә екенін жақсы түсінеді дейді олар.


Қайзира Алпысбаева, Сырымның анасы:

-Жүз пайыз сенімдімін, бұл бала асылып өлген жоқ. Бұл – байқаусызда өлтірілген бала. Қыз үшін де өлген бала емес. Қатарларынан сұраңыз, қызбен сөйлескен бала емес.

Ал мұғалімнің анасы өз ұлын кінәлап келгендерді қуып шықты.  

-Бар, кет. Кетіңдер, білген боқтарыңды істеңдер, бар. Не сөзді түсінбейді, айналайын қандай адамдар. Алдарына барып жығылдық .

Жұмбақ өлімге қатысты істің соңғы нүктесін тергеушілер қоймақ. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмның барлық таныстары сұрауға алынып жатыр екен. Махаббат хикаясы негізгі нұсқа ретінде қарастырылуда. Ал полицейлер соққы болған-болмағанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп отыр.