Жамбыл облысында төрт пойыз жолда тұрып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында төрт пойыз жолда тұрып қалды

Жамбыл облысында төрт пойыз жолда тұрып қалды

Жамбыл облысында жүк вагондарының рельстен шығып кетуі салдарынан төрт пойыз жолда тұрып қалды.

  • 1 Шiлде 2014
  • 400
Фото - Caravan.kz


Олардың бірі жолаушылар пойызы болса, қалған үш құрамға жүк тиелген, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, №746, №784- және №794 жүк пойыздары жолда тұрып қалған.

Сонымен қатар, Көкшетау-Қызылорда бағытына қатынайтын №55 жолаушылар пойызы Жамбыл станциясында бірнеше сағат кідірді.

Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбі күні түскі сағат 12:45-те Жамбыл облысының Жуалы станциясында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен болатын. Жамбыл-Түлкібас бағытына қатынайтын №3405 жүк пойызына әйнек тиелген. ТЖ салдары кешкі сағат 19:00-де толық жойылып, қозғалыс қалпына келтірілді.