Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бірінші механизмі бойынша 312 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бірінші механизмі бойынша 312 млн. теңге бөлінді

Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бірінші механизмі бойынша 312 млн. теңге бөлінді

Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бірінші механизмі бойынша 312 млн. теңге бөлінді, деп хабарлады Тараз қаласының әкімдігінен.

  • 29 Қазан 2012
  • 349
Фото - Caravan.kz

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің мәліметтерінше, «Тараз ӘКК ҰК» АҚ «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасының аясында 2012 жылы бірінші механизм (22 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу) бойынша республикалық бюджеттен 312 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражаттарға Тараз қаласындағы 13 үй және Шу, Жаңатас және Қаратау қалаларындағы 9 үй жөнделуде.

Қалалық әкімдікте мердігерлердің түрлі себептермен жөндеу жұмыстарына кеш кіріскендеріне қарамастан, олар белгіленген мерзімде аяқталатынына сендірді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасының екінші механизмі бойынша 35 көп қабатты үйлердің тұрғындарымен келісіліп, құжаттар дайындалды, «Тұрғын үй жөндеу Тараз» ЖШС арқылы 350 млн. теңге бөлінуде.

Қалалық әкімдіктің мәліметтерінше, Тараз қаласының 1 077 көпқабатты тұрғын үйлерінің ішінде кондоминиум нысандары жөндеуден өтуі тиіс 845 600 үйді тіркелді.

Соңғы жаңалықтар