Жоба құны — 262 млн. теңге. Кешен құрылысы 2014 жылдың сәуірінде басталған. Нәтижесінде аумағы 1 200 шаршы метр болатын екі қабатты ғимарат салынды.
Мұнда 200 орындық трибунасы бар зал, еркін күрес, қазақша күрес, волейбол, баскетбол, футбол және бокспен айналысуға арналған залдардан басқа, кешен аумағында шағын футбол, баскетбол және волейболға арналған алаңдар бар. Спортшылар үшін барлық санитарлық-тұрмыстық жағдайлар жасалған.
«Кешенде 9 бапкер жұмыс істейді. Секцияларда 300-ге тарта спортшы жаттығады. Мұнда облыстық, республикалық және халықаралық спорт шараларын өткізуге болады», — деді өңір спортының жетекшісі Гамлет Қайнарбеков.