ТЖМ ақпараты бойынша Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы -Ташкент көлік жолының 172 шақырымында 28 мамырда 02 сағат 42 минутта «Мерседес» (Қырғызстан азаматы) және «Ауди» көліктері бір бірімен соқтығысты. Жол көлік апаты салдарынан «Мерседес» көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен аураханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті