«17 қарашада сағат 18.05-те «Байелі» шаруа қожалығына тиесілі карьерде шұңқырға топырақ төгу кезінде «Long King ZL50C» жүк тиегіші карьерге аударылып кетті», деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Салдарынан кабинадан құлап кеткен жүргізуші төгілген топырақ астында қалған.
Оның мүрдесін Жамбыл облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары 40 минуттан кейін алып шықты.
Қаза тапқан ер адам 39 жаста, деп нақтылады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.