Жамбыл облысында жұрт жаппай алаяқтарға алданып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жұрт жаппай алаяқтарға алданып қалды

Жамбыл облысында жұрт жаппай алаяқтарға алданып қалды

Екі келіншек Сарысу ауданының 70-ке жуық тұрғынына банктен қайтарымсыз несие әпереміз деп, ақыры бәрін қарызға батырып кеткен. Енді сан соғып қалғандар алған ақшаларын қайтара алмай қиналып жүр. 

  • 18 Маусым 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz

Айман Күнболсынова, Жаңатас қаласының тұрғыны:

-Бұл қандай несие деп едім, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпанда түгелдей бәрі жабылады. Бұл елуде-елу, алған несиеңнің жартысын бізге бересің, жарты пайызы сендерге, ол сендерге жақсы пайда емес пе? Оның үстіне инфляция келе жатыр қарыздың бәрі жабылып кетеді деген.

Осылайша ақшаның бір тиынын қалдырмай өзіміз жауып береміз деген қос келіншек уәдесінде тұрмапты. Екеуінің Тараздағы бес бірдей банкке сөздері өтетіні сонша, қарызың болса да оп-оңай несие алып береді екен. Әзірге оңай олжаға кенелеміз деп, опық жеген 17 кісіден құзырлы орындарға шағым түскен. Қазір екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал кінәлі саналатын әйелдің бірі өзін ақтап, серіктесін айыптап әлекке түсуде. Айтуынша, ол делдалдық қызметіне ғана әр адамнан бес мың теңгеден алыпты.   


Ақмарал Әбдірахманова, күдікті:

-Неге мен қоя тұрамын? Әр банктегі менеджерлар жібереді, мына кісіні де сол менеджер жіберді. Барлық менеджерлер 40 мыңнан алған. Барлығы бір-бірімен байланысты. Оларды соттауға болады. Өйткені неге бізге келісімін береді. Мен оны білмей, кейін білдім.