Жамбыл облысының өкілі 2014 жылдың «Үздік провизоры» атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының өкілі 2014 жылдың «Үздік провизоры» атанды

Жамбыл облысының өкілі 2014 жылдың «Үздік провизоры» атанды

Бүгін Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Үздік провизор» республикалық байқауын өткізді.

  • 12 Маусым 2014
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтаму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Байқау аталған кәсіптің беделін арттыруға, провизорлардың шеберлігін, бастамалары мен шығармашылық күш-қуатын жетілдіруге септігін тигізетін игі дәстүрге айналды.

Байқауға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің өңірлік департаменттері өткізген қалалық және облыстық байқауларының жеңімпаздары қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша: «Үздік провизор» аталымы бойынша Тараз қаласындағы «Жасұлан және К» ЖШС дайын дәрілер бөлімінің меңгерушісі Қарымбаева Шәкизат Рақымбайқызы жеңіске жетті.

«Дәріхана қызметінің басты қағидаты — жоғары фармацевтикалық қызмет көрсету, тиісті дәріхана тәжірибесі талаптарын енгізу, адам денсаулығын сақтау мақсатында науқастың мүддесіне жұмыс істеу болып табылады», — дейді ол.


2-ші орын Ақтау қаласынан келген дәріхана жетекшісі Байбұзова Раушан Ілиясқызына, 3-ші орын Павлодар қаласындағы «Маслова» ЖК жетекшісі, провизор Маслова Елена Игоревнаға бұйырды.

Жеңіске жеткендерді марапаттау салтанаты 2014 жылғы 13 маусымда Астана қаласындағы «Бейбітшілік пен келісім сарайында» өтеді.