Жамбыл облысының шаруаларына жаппай қуаңшылықтың қаупі төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының шаруаларына жаппай қуаңшылықтың қаупі төніп тұр

Жамбыл облысының шаруаларына жаппай қуаңшылықтың қаупі төніп тұр

Қырғыз билігі «Орто Тоқой» су қоймасының қоры 10 күнде таусылады деп хабарлады. Соның кесірінен Қордай мен Меркінің диқандары ағын судан таршылық көретін түрі бар. 

  • 11 Шiлде 2014
  • 200
Фото - Caravan.kz


Руслан Девятқұлов, Шу мемлекеттік бассейні басқармасының бастығы (Қырғызстан):

-Қазір қоймадағы 400 млн. текше метр судың 93 миллионы ғана қалды. Ол ары кетсе 10 күнге жетеді. Жағдай өте қиын. Екі елдің шаруаларына оңай соқпайын деп тұр. Қазір біз күшейтілген режимде жұмыс істеп, қуаңшылықты болдырмауға талпынып жатырмыз.

Онсыз да суға жарымай жүрген жұртқа бұл жығылған үстіне жұдырық болды. Қазірдің өзінде Қордайлық диқандардың егістіктері қурап жатыр. Су тағы кешіксе, жағдай тіпті ушыға түспек. Айырқалпақты ағайындар қоймадағы тіршілік нәрінің сарқылуын жауын-шашынның болмауымен байланыстырып отыр. Оның үстіне таудағы сірескен мұз да ерімей жатқан көрінеді. Қырғыздар қазірдің өзінде Меркі ауданына су беруді тоқтатқан. Жуық арада қордайлық шаруалар да солардың кебін киюі ықтимал. Өздеріндегі жағдай да жетісіп тұрған жоқ. Шу облысының екі ауданына жыл басынан бері су жетпеген. Енді 6 ауданға да тура осындай қауіп төніп тұр екен.