Жарияланды: 280

Жамбыл облысының тұрғыны арақ-шарап шығаратын астыртын цех ашқан

Жамбыл облысының тұрғыны арақ-шарап шығаратын астыртын цех ашқан. Ол отандық қана емес, шетелдік қымбат ішімдіктерді де қолдан жасап келіпті. 

-  «Журавли» арағының 2 952 , « проще простойдың» 850 , «русский стилдің» 3560 түйір сыртқы жапсырма қағаздары табылды.

Бұдан бөлек, Қордай ауданы тұрғынының пәтерінде сатылымға шығаруға дайын тұрған 421 шөлмек арақ пен оны әзірлейтін екі станок тәркіленді. Мұқият дайындалған ішімдіктерді мамандар болмаса, қарапайым адамдар контрафакт екенін сырттай айыра алмайды. Әрекеті әшкере болған жігіт бұл іспен үй салуға қаржы жинау үшін уақытша айналыстым деп ақталды. Әзірге жалған кәсіпкердің осы уақытқа дейін қанша өнімді саудалағаны белгісіз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін