Жамбыл және Маңғыстау облыстарында жол апатынан 5 адам қаза тауып 7 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл және Маңғыстау облыстарында жол апатынан 5 адам қаза тауып 7 адам зардап шекті

Жамбыл және Маңғыстау облыстарында жол апатынан 5 адам қаза тауып 7 адам зардап шекті

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 155-шақырымында жолаушы тасымалдайтын "Газель" микроавтобусы мен "Мерседес-Бенц" автобусының соқтығысуы салдарынан жол апаты болған жерде микроавтобустың 3 жолаушысы тіл тартпай кетіп, бес адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қараша 2003
  • 396
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, агенттік ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысында Жетібай-Жаңаөзен автожолының 10-шақырымында «ГАЗ-3110» автокөлігінің жүргізушісі жанармай тасушы «ЗИЛ-130» жүк көлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан жүк көлігінде отырған аты-жөні анықталмаған екі жолаушы мерт болып, «ГАЗ-3110» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар