Жарияланды: 340

Жамбылдық 130 мыңнан астам бала жазғы лагерлерде тынығып қайтады

131 мың жамбылдық бала жазғы лагерлерде тынығып қайтады, деп бесенбі күні облыстық білім беру басқармасынан хабарлады.

Облыстық білім беру басқармасының бастығы Сұлушаш Құрманбекованың мәліметтерінше, осы мақсатқа Т147 млн бөлінген. «Бұл былтырғы көрсеткіштен Т31 млн-ға артық», - деді ол. «Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларынан 5 мыңдай жамбылдық балалар тегін демалады, 36 мыңнан астамына еңбек лагерлері ұйымдастырылады. Биыл Жамбыл облысының қала сыртындағы лагерлерді жөндеуге Т24 млн-дай қаражат бөлінді. «Кооператор» лагерінде корпустар жаңартылып, жаңа асхана салынды», - деді облыстық халыққа білім беру бөлімінен. Сонымен қатар қала сыртындағы «Жұлдыз» және Ә. Молдағұлова атындағы лагерлердегі жөндеу жұмыстарында артта қалушылық байқалуда. Өртке қарсы жабдықтармен 117 мектеп пен 14 мектептен тыс мекемелер жабдықталмаған, дейді ведомстводағылар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін