Жамбылдық мектептер түлектерінің 67,6%-ы Ұлттық бірыңғай тест тапсырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдық мектептер түлектерінің 67,6%-ы Ұлттық бірыңғай тест тапсырады

Жамбылдық мектептер түлектерінің 67,6%-ы Ұлттық бірыңғай тест тапсырады

2014-2015 оқу жылының қорытындысымен Жамбыл облысының  8 879 мектеп түлектерінің 6 003-і Ұлттық бірыңғай тестілер тапсырады,

  • 22 Мамыр 2015
  • 922
Фото - Caravan.kz

бұл олардың 67,6%-ы,  деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармас.

Бұл өткен оқу жылындағыдан аз, онда ҰБТ-ны түлектердің 72 пайызы тапсырған болатын.

Биылғы жылы «Алтын белгі» алуға 235 түлек, ерекше үлгідегі аттестатқа 68-і үміттеніп отыр, бұл да өткен жылғы көрсеткіштен (тиісінше 295 және 114) аз.

Облыстық білім басқармасында өңірде тестілеу өткізуге бәрі әзір екенін атап өтті. Емтихан тапсыру пункттері бейнекамералармен, ұялы байланысты өшіретін, металл іздейтін құрылғылармен және бейнетіркеуіш құралдармен жабдықталды. Сонымен бірге ҰБТ-да жоғары көрсеткіштерге жеткен тараздық үш гимназия мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернат базасында  директорлар мен оқытушыларға әдістемелік көмек берілді.

Жамбыл мектептері түлектері арасында жүргізілген онлайн-тестілеу билығы оқу жылының түлектері биология, физика, география, ағылшын тілі сияқты пәндерді таңдауға ниетті екенін көрсетті, деп атап өтті білім ведомствосында.