Бұл туралы ulus.kz хабарлайды.
Бірнеше жыл істі болып, сергелдеңге түскен бұрынғы директордың өлер алдындағы жан айқайы. Кешеден бергі оқиғалардан және бейнеүндеуден бір ғана сұрақ туады. Жампозов кінәлі ме, әлде жазықсыз құрбан ба?
Ақмола облысы, Целиноград ауданын прокуратурасының алдында қантөгіс жасап, прокуратура қызметкері мен полицейді жаралаған, артынша өзі машинасының ішінде аталып өлген Өмірбек Жампозов осы оқиғалардың алдында Елбасыға және Сенат спикері Қасымжомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, көмек сұрағаны белгілі болды. Бейнеүндеудің алғашқысын Жампозов мешітте жасаған.