Жарияланды: 3300

Жан Ахмадиев: "8 жастағы қызды емес, 4-5 баласы бар, басында екі кредиті бар қатын алсаңшы"

Жан Ахмадиев: "8 жастағы қызды емес, 4-5 баласы бар, басында екі кредиті бар қатын алсаңшы"

Қоғамдағы өзекті дүниелерді қозғап, өз үнін қосып жүрген Жан Ахмадиев кеше ғана еркектер қауымына "Тоқал сенің не теңің?" деген сұрақ қойды.

Ол өз жазбасында біздің қоғамда үйдегі бала-шағасының аузынан жырып, көшедегі қатындарға ақша құртатындарды түсінбейтінін айтты.

#еркекпізғой айдары: 

Осы күні жорғалаған жігіттен бастап, еңкейген шалға дейін "тоқал аламын" дегенді шығарыпты. "Өзбек байыса үй салады, қазақ байыса қатын алады" деуші ме еді...?
Аса құрметті, өздерін күллі қатынның қалаулысы санап жүрген мүсəпірлер-ау... Бірінші үйдегі бəйбішеңді асырап алсаңшы. Соның көңілі тұрмақ, төсектегі талабын орындай алмай жүріп, қайдағы тоқал саған. "Елімізде 1 еркектің басына 8 əйелден келеді екен" деп қояды біреулер. Егер басыңа 8 қатыннан келсе де, олардың барлығы саған тоқал болуға дайын деген сөз емес қой. Бала-шағасының аузынан жырып алған ақшасын, бейтаныс қатындарға шашып жүрген бейшара кімге керек? "Үйдегі балалары аш отырса да, сыртқа "баймын" деп жүрген жігіттерден Алла сақтасын!" дейді кез-келген қыз. Кейбір дін жолындағы ағалар бар, пайғамбарымыз Мұхаммедті мысалға алатын. Тек пайғамбарымыз сен сияқты жас əрі сұлу қыздарды мақсат етпеді ғой. Нағыз мұсылман болсаң, 18 жастағы қызды емес, 4-5 баласы бар, басында екі кредиті бар қатын алсаңшы."

Оқи отырыңыз:

Мамбет! Ресейден Қазақстанға келіп, нанын тауып жүрген келімсек қазақтарды осылай балағаттан

Желіде қызу талқыға түскен шашы тақыр, костюмі ұзын Төрағали

«Мен мысалы оқығанда одан не сабақ аламын?» – Жанатбек Бәйтеков Алагөзованың кітабы туралы

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть