Жарияланды: 6100

"Жан сауғалап өз елімізге келдік": Қытайдағы екі қазақ шекарадан қашып өтті

"Жан сауғалап өз елімізге келдік": Қытайдағы екі қазақ шекарадан қашып өтті

Қытайдың екі қазағы шекараны бұзып, Қазақстанға жан сауғалап келген.

Қазақстанға шекарадан қашып келген екі қазақ журналист Тоқтар Жақашқа сұхбат берді.

"Шекарадан қашып өттік. Сымнан аттап өттік, шекараш ешкім болған жоқ. Бізді полиция, шекарашы ешкім көрген жоқ. Шелекке дейін жаяу келдік. Жан сауғалап өз еліміз, өз жеріміз деп келдік. Мақсатымыз Қазақстанда қалу, Қазақстан азаматын алу. Әкем қайтыс болған, шешем, әйел мен бала-шағам бар. Олардың барлығы Қытайда, ауылда қалды. Қазақтар ол жақта қатты қысымда, бір күн босатса, екінші күні қайда қамап тастайды", - дейді Қазақстанға қашып келгеннің бірі Қастер Мұсақан.

"Отбасымда әкем бар, шешем бар, жолдасым және ұлым бар, оның үстіне қарындасым бар. Қорлыққа шыдамай осында қашып келдім. Бізді ұрып-соғатындардың бәрі қытай. Туыстарыммен, бала-шағаммен ақылдасқан жоқпын. Қазағымда осындай жер бар деп, осында келдік. Қазақстанға бәрі де көшіп келгісі келеді, бірақ барлығы да қорқады. Қазақ елі бар деп келдім, Қытайға қайтарып жібермейді деп келдім. Мен бұл елге өзімді емес, отбасымды, сондағы қазақтарды қорғасын деп осында қашып келдім. Барлық үмітім Қазақстан үкіметінде", - деп сөзін аяқтады Қазақстанға шекараны заңсыз бұзып өткен Мұрагер Әлімұлы.

 

 

Posted by Тоқтар Жақаш on Thursday, October 10, 2019

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін