Жарияланды: 1700

"Жанар Хамитованың отбасында жылулық болмағаннан кейін, өзінен үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан"

"Жанар Хамитованың отбасында жылулық болмағаннан кейін, өзінен үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан"

"Жанар Хамитованың отбасында жылулық болмағаннан кейін, өзінен үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан".

Жанар Хамитованың жары не себепті ұлдарын анасына бермей қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ?" бағдарламасына сілтеме жасап.

Шетелден отанына оралып, көрген қиындықтары мен өткен өмірін артқа тастаған Жанар Хамитова сахнаға қайта оралған еді. Дегенмен, Түркияда әншінің қос бірдей ұлы қалған болатын. Ол ана ретінде перзенттерін қатты сағынғанын берген әрбір сұхбатында ашық айтып, тіпті оларды қайтарып алу үшін қорғаушы жалдағанын да жеткізген болатын. Өнер иесі көз жұмғаннан кейін күйеуінің ұлдарын неге бермей қойғаны белгілі болды. Бұл туралы Жанар Хамитовамен жақсы араласқан жүргізуші Аяна Ғабдуллина айтып берді. 

"Түрік елінің азаматы болды. Ол жақта ұлдарға ерекше көңілмен қарайды. Олар шешесіне бермейді, өздеріне алып қалады. Түрік азаматы болғаннан кейін, балалары да түріктің азаматы болды. Сол себептен берілмеді. Күйеуі түрік. Араларында не болғанын білмеймін. Бірақ жолдасы кәсіпкер болған екен бұрын. Жолдасы басқа жолға түсіп кеткен болатын. Содан кейін Жанар кетті ғой деймін", - дейді Аяна Ғабдуллина. 

Жастайынан тұрмыс құрғанымен, Жанар перзент сүйе алмапты. Әке-шешесінен жылулық көрмеген әнші үш кездесуден кейін-ақ өзінен үлкен болса да, күйеуіне үйленуге келісім берген. 

"18 жасында тұрмыс құрды. Одан кейін біраз жыл бойы бала көтере алмады. Ол өзінен үлкен, арқау бола алатын азаматты іздеген. Отбасында жылулық болмағаннан кейін, өзінен үлкен азаматты кездестірді. Үшінші рет кездескеннен кейін, ұсынысын қабылдап, тұрмыс құрып, сөйтіп, шетелге кетіп қалған", - дейді Аяна Ғабдуллина. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін