Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме

Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме

Елордадағы азық-түлік бағасы іргелес облыстардағы фермерлердің жағдайына байланысты.

  • 15 Сәуiр 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бізде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фермерлер жоқтың қасы. Сондықтан баға мәселесі басқа өңірлердегі фермерлердің экономикалық жағдайына келіп тірелуі мүмкін. Бізге өнімнің барлығы азық-түлік белдеуінде жатқан Ақмола, Павлодар, Қарғанды, Түркістан облыстарынан келеді. Яғни транспортпен тасымалдау құны әсер етпесе одан басқа әсерін көріп отырған жоқпыз», — дейді әкімдік өкілі.

Ерлан Бекмырзаев жанармай бағасы азық-түлік бағасына әсер ете қалған күннің өзінде бұл шаруа министрлік деңгейінде шешілетінін түсіндірді.


«Біз азық-түлік бағасына қатысты ғана шара қолдана аламыз. Жанар-жағармайдың бағасы министрлік тарапынан қадағаланады», — деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар