Жаңа әкімдер де қоластындағы қызметкерлерін жаңартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа әкімдер де қоластындағы қызметкерлерін жаңартуда

Жаңа әкімдер де қоластындағы қызметкерлерін жаңартуда

Жаңа әкімдер де қоластындағы қызметкерлерін жаңартып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысына жақында ғана басшы болып барған Бейбіт Атамқұлов бірінші орынбасарын ауыстырды.

  • 20 Тамыз 2015
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бұл орынға осыған дейін Шымкент қаласының әкімі болған Дархан Сатыбалды жайғасты. Ал облыс орталығына басшы болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Ол бұған дейін Президенит әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Айта кету керек, Әбдірахымовтың әйгілі Әліби оқиғасына байланысты о баста аты аталып қалған еді. Бірақ ол кейін өзінің бұл дауға қатысы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, кеше Алматы әкімі Бауыржан Байбек те жаңа орынбасарын тағайындады. Бұл қызметке Солтүстік Қазақстан облысының әкім орынбасары болып қызмет етіп келген Ерлан Әукенов келді. Ол да, Байбектің өзі де, Шымкентке барған Әбдірахымов та – «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде оқу бітіргендер.

 

Соңғы жаңалықтар