Жарияланды: 440

Жаңа еңбек кодексі ешкімді ренжітпейді

Елімізде жаңа Еңбек кодексіне қатысты дау әлі басылмай тұр. Бүгін маңызды құжатты әзірлеп жатқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жаңартылған кодекстің қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіріп берді.

Ондағылар жаңа заң жобасының жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы теңдікті жақсартатынына сенімді. Өйткені, 150 бапқа қысқарған кодекске сай енді жұмысқа тұрған адамның басшысымен ақылдасып еңбек шартын өзіне ыңғайлы етіп толтыруына мүмкіндігі болмақ.   Десе де, осы құжатты талқылау кезінде кәсіподақтар федерациясы мақұлдамаған тұстары да жетерлік. Ол  демалыс және мереке күндері істелетін жұмысқа қатысты. Яғни,  артық жұмыс сағаттарына төленетін үстемақы енді қысқаруы мүмкін. Әрі жұмыс берушінің табысы азайып жатса, еш қиындықсыз қол астындағы қызметкерін қысқартып тастауына болады. Сондықтан олар мұны өткен жұмада «жұмысшының құқығын аяқасты ету»-деп, наразылықтарын білдірген еді. Қалай дегенмен жаңартылған құжат жобасы енді парламент талқылауына жіберілмек.

Нұркен Тілеуов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департамент басшысы:

- Кәсіподақтар федерациясы тарапынан айтылып жатқан сынның бәрі негізсіз. Жаңа Еңбек кодесі негізінен бұрыңғы қалпында сақталады десек те болады. Тек, біраз бөлігіне толықтырулар енгіздік.Қысқарған жері де бар. Оның өзін әлі біраз өзгертеміз.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін