«2009 жылдан бастап акциз ставкалары Салық кодексінің мәтініне енгізіліп, елімізде өндірілген алкогольді өнімдерге салынатын ставка 30%-ға көтеріледі», — деді Б.Сұлтанов.
«Бұдан кейін ставкалар 2010-2011 жылдарда тиісінше 30 және 40%-ға, импортталатын өнімге салынатын ставка деңгейіне дейін көтеріледі, бұл ДСҰ талабына сай», -деді ол.
Министрдің айтуынша, «1998 жылы белгіленген 5000 теңге көлеміндегі жанармай акцизінің ставкасы мен 600 теңге көлеміндегі дизельдік отын акцизінің ставкалары өзгеріссіз қалады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті