Жаңа темір жол желілерін тартуға концессионер іріктеуге бағытталған байқау жылдың аяғына дейін аяқталады - көлік және коммуникациялар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа темір жол желілерін тартуға концессионер іріктеуге бағытталған байқау жылдың аяғына дейін аяқталады - көлік және коммуникациялар министрлігі

Жаңа темір жол желілерін тартуға концессионер іріктеуге бағытталған байқау жылдың аяғына дейін аяқталады - көлік және коммуникациялар министрлігі

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа темір жол желілерін тартуға концессионер іріктеуге бағытталған байқау жылдың аяғына дейін аяқталады. Бұл туралы көлік және коммцникациялар вице-министрі Жеңіс Қасымбек бүгін "Еуропа мен Азия арасындағы көлік-коммуникациялық кешенді дамытудағы Қазақстанның геостратегиялық мүмкіндіктері" атты "дөңгелек үстел" барысында пікір білдірді.

  • 6 Қараша 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа темір жол желілерін тартуға концессионер іріктеуге бағытталған байқау аяқталады», — деді Ж.Қасымбек.

Оның айтуынша, бұл жобалардың арасында Маңғшлақ — Баутино жобасы да бар. «Бұл — Баутино айлағының бағытында тартылатын 135 шақырымдық темір жол», -деді вице-министр.

Концессияға берілетін жобалардың арасында Ералиево — Құрық бағытындағы жол да бар. «Бұл алдағы уақытта Қашаған мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан жобасының аясында тасымалдауда пайдаланылатын 14,5 шақырымдық шағын жол», деді Ж.Қасымбек.

«Бұған қоса биыл Мақат — Қандағаш бағытындағы жолға тоқ жіберу жобасы бойынша да концессионер айқындалады», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті