Жарияланды: 23100

Жаңа түскен жас келін үйлену тойы бола салып, күйеуінен өзіне талақ сұрады

Жаңа түскен жас келін үйлену тойы бола салып, күйеуінен өзіне талақ сұрады Сурет - azattyq.org

Бұл жазба да жан тебіретерліктей әрі үлкен сабақ аларлықтай екен. Онда жаңа түскен жас келіннің той өткеннен кейін бірден күйеуінен көңілі қалып, өзіне талақ сұрағаны туралы айтылады.

Caravan.kz медиа-порталы әлеуметтік желіде тараған бұл жазбаны әдеттегідей қаз-қалпында жариялауды жөн көрді.

Бір жігіт үйленіпті... Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы дастарxан басына жиналыпты! Дастарxанда жаңа келінге, жаңа келін болғандығы үшін ерекше құрмет көрсетіп үлкен сәнді кеседе тамақтың ең құнарлы жерін ұсыныпты! Ал анасына көңіл аудармастан, қарапайым кеседе, тамақтың қарапайым жерінен ұсыныпты! Бұны сезген текті әрі дана келіншек, күйеуіне: "Менің талағымды беріңіз, сізбенен ажырасамын," - депті.

Ал күйеуі сүйіп қосылған келіншегін алған шешімінен қайтаруға тырысыпты. Ақыры болмағасын күйеуі мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі кееледі. Сонда қеліншек: "Қанына тартпай тумайды", - деген, және "Қалай жазаласаң, солай жазаланасыңә,- деген ескінің сөздері бар. Мен сізден бала тапқым келмейді, өйткені егер бала тапсам, қәзір анаңыз қорланғандай мен де ертең қорланамын ба деп қорқамын" - депті.

Келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына мейірбан - жақсылық жасаушы бір жігітке тұрмысқа шығыпты. Арадан бірәз жылдар өтіп, күндердің-күнінде керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала-шағасының қызметінің аясында кетіп бара жатса, керуеннің соңында жаяу келе жатқан қараусыз бір шалға көзі түсіпті...

Сонда әйел: "Ана ақсақалды қасыма алып келіңдер", - деп бала-шағасына бұйырыпты! Сөйтсе ол бұрынғы күйеуі екен... Ол әйел жаңағы шалға қарап: "Мені таныдыңызба?" - деп сұрапты. Сонда шал: "Жоқ", - депті. Ал әйел: "Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін, мен сізге сол кезде: "Қанына тартпай тумайды! Қалай жазаласаң, солай жазаланасың!" деп айтпап па едім?! Міне, көріңіз, менің бала-шағам қалай қызметімді атқарып жүр, ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда?" - депті!

Сосын "сауап үшін мына ақсақалға да қамқор болыңдар", - деп бала-шағасына бұйырыпты...

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть