"Жаңа жыл біздің мереке емес": Қала әкімі Досаевпен кездескен тұрғын наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаңа жыл біздің мереке емес": Қала әкімі Досаевпен кездескен тұрғын наразылық білдірді

"Жаңа жыл біздің мереке емес": Қала әкімі Досаевпен кездескен тұрғын наразылық білдірді

Алматы әкімі халықпен кездесті.

  • 8 Желтоқсан 2022
  • 942
Фото - Caravan.kz

Алматы әкімінің тұрғындармен кездесуі пәтер кезегін талқылау, Жаңа жыл мен Наурыз мерекесіне қатысты пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Кездесу барысында Алматы қаласының тұрғыны Ерболат Досаевқа көп балалы отбасылар үшін пәтер кезегіне байланысты жағдайға шағымданды. Ол пәтер кезегінен үш мәрте кейінге ысырылғанын, кейін қайта оралғанын айтты. Неге екені белгісіз, пікірталас соңы жаңа жыл тақырыбына ойысып,  «Бұл біздің мереке емес, біздің мереке Наурыз!» деп жар салды. Сондай-ақ ол қаланы безендіруге бөлінген 40 миллион теңгені кедейлер үшін пәтер алуға жұмсау керектігін айтты.

Бұған Досаев қарсылық білдіріп, Жаңа жылдың мереке екенін айтып, микрофонды келесі спикерге беруді де өтінді.


Еске салайық, тұрғындармен өткен кездесулердің бірінде Досаев әйелді сотқа шақырған болатын.

Соңғы жаңалықтар