Жаңа жылдағы Аяз ата шын мәнінде жаналғыш құбыжық болған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жылдағы Аяз ата шын мәнінде жаналғыш құбыжық болған

Жаңа жылдағы Аяз ата шын мәнінде жаналғыш құбыжық болған

Барша жұрт қуана қарсы алатын жаңа жыл мен балалар барынша күтетін Аяз атаға қатысты қызық дерек шықты. Мәліметтер бойынша ол әуелде қорқыншықты құбыжық болған көрінеді 

  • 28 Желтоқсан 2020
  • 252
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы желіде Қанат Ескендір жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Әзелде орыстардың Аяз атасы тап суретте көрсетілгендей кейіпте бейнеленген. Зарлауық, Қаражүн, Қыстық ата деп атапты. Ежелгі славян тайпалары оны қыстың қожасы, аяздың иесі деп білген.

Сақылдаған сары аязда мал-жан демей, түгел үсіп өлгенде, қараңғы шаруалар әйтеуір кісі шығынына біреуді кінәлау керек боп.., қыс пен аяздың иесі — Зарлауық Аяз атадан көрген. Оның қаһарын қайтару үшін құрбанға мал шалып отырған, кейбір кержақ тайпалар құрбандыққа адам шалған.

Қыста бір жас қызды орманға апарып, талға байлап тастайды екен. Егер ертесіне қызды мұз боп қатып, үстін қар басып қалған күйде тапса, онда қыстың қожасы құрбандықты қабыл алды, қыстан шығынсыз шығамыз деп сенген.

Байырғы орыс наным-сенімінде қысты күні Зарлауық немесе Қаражүн шал терезені суық демімен айғыздап тұрып кісіні атымен атап шақырады екен, кім оған жауап берсе, сол адам көп ұзамай көз жұмады-мыс…


Сондай-ақ, үнемі қап арқалап жүретін Қаражүн шалдың қабы сол қыста жанын өзі алған адамдардың басына толы болады деп сенген.

Орыстарда бұл сенім әулие Мекалайды пір тұтқанға дейін сақталып, сосын бәлшебектер билікке келген соң, оны Жаңа жылды мерекелеу үрдісіне ауыстырған. Кейін, КСРО көсемдері қанішер Зарлауық шалдың орнын балаларға тәтті-пәтті сыйлайтын қайырымды Аяз ата образымен ауыстырған", деді ол фейсбукте. 

Соңғы жаңалықтар