Жаңа жылдық дастарханға қанша қаражат жұмсайсыз? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жылдық дастарханға қанша қаражат жұмсайсыз?

Жаңа жылдық дастарханға қанша қаражат жұмсайсыз?

Жаңа жыл - талайдың асыға күтетін айтулы мерекесі. Дегенмен, бұл мейрамның қызығымен бірге шығынын да еселеп алып келетіні жасырын емес.

  • 26 Желтоқсан 2019
  • 139
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы тілшісі жаңа жылда әр отбасыдан орта есеппен қанша шығын шығатынын есептеп көрді.

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай өткізесің» деген де түсінік қалыптасқан. Ендеше сіз дастарханға қанша қаржы жұмсайсыз?

Ет өнімдері

Дастарханның ең басты ас мәзірі ол әрине — ет. Ең қымбат азықтардың бірі ет өнімдерінің бағасы дә әр түрлі. Өткен жылға көз жүгіртер болсақ, қой еті 16,8 пайызға қымбаттаса, сиыр еті 15,1 пайызға өскен. Талдаушылардың есебіне сүйенсек, жылдың соңғы тоқсанында ет пен ет өнімдерін тұтыну 1,8 пайызға азайып кеткен. Қазіргі кезде жылқы етінің бір келісі 2300 теңгеден жоғары болса, сиыр еті 1900 — 2300 теңге аралығында.  

Сонымен қоса, тауық еті де едәуір шарықтап тұр. Бұрын келісі 1100 теңге болған тауық еті, биыл 1500-1700 теңгеге дейін көтерілген.

Жеміс-жидек

Мерекелік дастархады жеміс-жидексіз елестету мүмкін емес.Сондықтан оған да шығындалуға тура келеді.  Базарда алманың бір келісі 300-500 теңге аралығы, апельсин 700-800 теңге, мандарин 450-600, құрма 400-500 теңге, банан (кг) 600-700 теңге, алмұрт 600-800 теңге аралығында.  

Көкөніс бағасы

Картоп 100-130 теңге, сәбіз 120-150 теңге, пияз 80-100 теңге, қияр 500-600 теңге, қызанақ 600-700 теңге, қырыққабат 120-150 теңге аралығында. 

Дегенмен, әр өңірде баға әртүрлі. 

Мұнымен қоса, жаңа жыл сыйлығын бір жыл бойы күтетін балаларды сыйлықсыз қалдырмайтынымыз тағы бар. 

Балалар сыйлығы

Жаңа жылдың сыйлығы бала үшін ерекше. Дегенмен бүлдіршіндер асыға күткен сыйлықтың бағасы да өткен жылмен салыстырғанда едәуір қымбаттаған. Балаларға арналған сыйлықтың бағасы орта есеппен 1500-4000 аралығында. 

Жоғарыда көрсетілген бағалардың есебін қорытындылай келе, әр отбасындағы мерекелік кешкі ас үшін кететін шығын орта есеппен 25-30 мың теңгені құрайды Дегенмен, отбасы мүшелерінің санына байланысты аз-кем өзгеріс болары сөзсіз.

Оған балалар сыйлығына кететін қаржыны қосқанда, жалпылама жаңа жылға 40-45 мың теңге аралығында сома кететіндігін жобаладық. 

Әрине, Сіздің дастарханға қанша қаражат жұмсау өз еркіңізде. Біз тек орта көрсеткішті жасап көрдік. 

Жаңа жылға жайған дастарханыңыз берекелі болсын!

Соңғы жаңалықтар