Жарияланды: 170

Жаңа жылдық шыршада оқушыларға сыйлыққа бір кг қант, сұйық май берген

Жаңа жылдық шыршада оқушыларға сыйлыққа бір кг қант, сұйық май берген

Ашулы ата-ана Жаңа жылда балаға мұндай сыйлық бергені несі деп аң-таң.

Алматы тұрғыны Наталья Райм ұлының Жаңа жылдық шыршада алған сыйлығына көңілі толмай, әлеуметтік желіде шағымданды, - деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, Жаңа жылдық шыршаға кіретін билет бірінші сынып оқушылары арасында ғана таратылған.

"Қала әкімінен сыйлық аламын деп мәз болған балам агент 007 болып киініп, "Гранд Паркке" кеткен болатын, бірақ бір сағаттан соң жылап хабарласып тұр. Сыйлыққа 1 келі қант берген екен", — деп жазды әйел Facebook парақшасында.

Кей оқушыларға тіпті бір литр сұйық май сыйға беріліпті.

"Бәлкім, мен заманнан қалып қойған шығармын, қант пен бір литр май беру қазір сәнге айналған болар? Жаңа жылдық шыршада кішкентай балаларға бергені қалай? Әлде бірінші сынып оқушыларын зейнеткерлермен шатастырып алды ма?", — дейді Наталья Райм.

Ал қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкімнің атындағы Жаңа жылдық шырша 23 желтоқсан күні Қазақ мемлекеттік циркінде болған еді. Оған 1700 бала қатысқан. Келесі күні аудандық әкімдіктердің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Қала билік өкілдерінің айтуынша, шырша мерекелері сауда орталықтарында ұйымдастырылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін