Жаңадан тағайындалған ҚХР елшісі сенат комитетінде қабылдауда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңадан тағайындалған ҚХР елшісі сенат комитетінде қабылдауда болды

Жаңадан тағайындалған ҚХР елшісі сенат комитетінде қабылдауда болды

Бүгін, 24-қыркүйекте парламент сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Қытай Халық Республикасының жаңадан тағайындалған елшісі Чжау Саяопейді қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 340
Фото - Caravan.kz

Кездесуде екі ел арасындағы тату көршілік, достық және іскерлік қарым-қатынастардың ілгері дамып келе жатқаны сөз болды. Қытай еліңде алты жыл елшілік міндетті атқарған сенатор мырза елшімен қызметтес болған жылдарды жылы лебізбен еске алды. Сондай-ақ, әңгіме барысында Қуаныш Сұлтанов екі жақты парламентаралық байланыстарды дамыту қажеттігін айта отырып, Чжау Саяопей мырзаның елшілік қызметіне сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар