Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 желтоқсанда 22 сағат 56 минутта Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрмыстық газ баллонын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан газдыауалы қоспа жарылып, оның арты 6 шаршы метр аумақты шарпыған өртке ұласты.
«Өрт салдарынан 3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім зардап шегіп, түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды мекеме.
Өртті ҚР ТЖМ-нің өрт сөндірушілері келгенше жергілікті тұрғындар сөндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті