Ал 4 жасар баланы аяқ-қолын таяқпен ұрған келіншектің өзі жергілікті мектептердің бірінде мұғалім боп шықты. Айтуынша, ұлы айтқанын тыңдамай, қайта-қайта балконға шыға берген екен. Оны құлап кетпесін деп келіншек тілазар баланы таяқпен қорқытқан. Ал көршілері оны камераға түсіріп, ушықтырып жібергенге ұқсайды. Десе де, полиция қылмыстық іс қозғап үлгерді. Егер де ананың қатігездігі дәлелденсе, бала жетімдер үйіне оралады.