Жаңаөзенде дүкен ішінде оқ атқан жігіттер камераға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде дүкен ішінде оқ атқан жігіттер камераға түсіп қалды

Жаңаөзенде дүкен ішінде оқ атқан жігіттер камераға түсіп қалды

Жаңаөзен қаласында шытырман фильмдерде кездесетін оқыс оқиға болды. Қарулы азаматтар дүкенге келушілерге оқ атып, екі адамды жаралады.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 240
Фото - Caravan.kz

Бұл көрініс дүкеннің бақылау камерасына түсіп қалған. Онда дүкенге кіріп келе жатқан екі жігіттің соңынан қарулы топ оқ жаудыра бастайды. Бұл уақытта сатушы қашып кетеді, ал оның орнына бір жігіт сөреден ытқып түседі. Ал дүкеннің өзге тұрынушылары бастарын бүркеп отыра қалып, соңынан бұқпантайлап шығып кетеді. Екі жігіттің бірі тапаншадан, екіншісі мылтықтан оқ жаудырып, жылдам іздерін суытқан. Алайда тәртіп сақшылары оларды тез арада қолға түсірді. Бей-берекет оқ жаудырған Жаңаөзеннің 20-25 жас аралығындағы 3 тұрғыны екен. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, жәбірленушілер мен күдіктілер арасында өзара келіспеушілік болған.

Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облыстық ІІД ресми өкілі:  

-Жәбірленушілердің екеуі де ауруханада. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал күдіктілер уақытша қамау абақтысында отыр.