Жарияланды: 2500

Жаңаөзенде екі жасөспірім даяшы мейрамханада уланып өлді

Жаңаөзенде екі жасөспірім даяшы мейрамханада уланып өлді

Жаңаөзендегі мейрамханалардың бірінде даяшы боп жұмыс істеп жүрген үш жасөспірім ыс тиіп уланған.

Екеуі қайтыс болған. Біреуі Жаңаөзен көп профилді қалалық ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат Маңғыстау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде хабарланды.

Аталған оқиға қарашаның 24-і сағат 14:30-да Жаңаөзен мейрамханаларының бірінде болған.

«Қайтыс болған даяшылардың бірі 2006 жылы туған мектеп оқушысы, екіншісі 2004 жылғы колледж студенті. Жаңаөзен көп профилді қалалық ауруханасының реанимация бөлімінде ауыр халде жатқан жасөспірім де 2003 жылы туған колледж студенті. Бүгін есін жиғаныны белгілі болды. Зардап шеккендер Жаңаөзен қаласындағы «Алихан» мейрамханасында даяшы боп жұмыс істеген. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, уланудың себептері анықталуда», - дейді департамент өкілдері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін