Жарияланды: 30

Жаңаөзенде коронавирус таралды деп мәлімет таратқан медбике жұмысынан айырылды

Жаңаөзенде коронавирус таралды деп мәлімет таратқан медбике жұмысынан айырылды Сурет - Видеодан алынған кадр

Жаңаөзенде қалалық аурухананың медбикесі WhatsApp мессенджерінде коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің айтуынша, ол осылайша туыстарын алдамақ болған.

Басылымның мәліметінше, кеше, 3 наурызда WhatsApp мессенджерінде Жаңаөзенде коронавирус жұқтырғандар анықталды деген хабарламалар тарай бастаған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды және Жаңаөзенде коронавирус тіркелген жоқ.

Жалған хабарлама таратқан әйелдің аты-жөні анықталды, оның есімі - Арухан Шырақбаева.

Шырақбаеваның айтуынша, ол қалалық ауруханаға вирус жұқтырды деген күдікпен Оңтүстік Кореядан студент қыздың келгенін айтты. Осыдан кейін ол тұрғындарынан кешірім сұрап, видео жариялады.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Шырақбаева өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішін берген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін