Жаңақорғанда Көкен батырға ескерткіш ашылды - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақорғанда Көкен батырға ескерткіш ашылды - Қызылорда облысы

Жаңақорғанда Көкен батырға ескерткіш ашылды - Қызылорда облысы

Аудан орталығында тарихи тұлғалардың бірі, ел қорғаған айтулы батыр Көкен батыр Назарұлына қойылған ескерткіш салтанатты түрде ашылды,

  • 5 Қараша 2014
  • 801
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады Жаңақорған аудандық  әкімдігінің баспасөз қызметінен. 
    Салтанатты жиынды облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов құтықтау сөз сөйлеп ашты. 

Сыр бойының әйгілі батырының өмір жолы, ел қорғаудағы ерлік істері жөнінде ел ағасы, «Көкен батыр» қорының төрағасы Амангелді Абдуллаев жан-жақты айтып өтті. 

Ескерткіштің ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек қажы Шаухаманов, Шымкент қаласынан келген Бекежан Тоқсанбаев ақсақалдар құттықтау сөз сөйледі. Соңынан батырдың ұрпақтары дастарқан жайып, ас берді.

Шара соңында бес жүзден астам жылқы қатысқан көкпар ойынында бас жүлдені қызылордалық шабандоздар иемденіп, түйе мініп қайтса, өзгелер  де төрт түлік тігілген жүлделерден құр қалмады. Кешке аудан орталығындағы алаңда «МузАрт», басқа да өнер шеберлері концерт қойды.