«Жаңашылдыққа деген көзқарасы ерекше»: Балалар шығармашылығы заманға қарай қалай өзгеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жаңашылдыққа деген көзқарасы ерекше»: Балалар шығармашылығы заманға қарай қалай өзгеріп жатыр

«Жаңашылдыққа деген көзқарасы ерекше»: Балалар шығармашылығы заманға қарай қалай өзгеріп жатыр

Заман өзгерген сайын, баланың қиялы да өзгеріп бара жатыр.

  • 18 Ақпан 2019
  • 50
Фото - Caravan.kz

Балалардың шығармашылық өнерге деген қызығушылығы, өзгерістері жайлы Caravan.kz медиа-порталы жазды.

Балалардың шығармашылық өнерге деген ынтасының артуы, қиялы мен қабілетінің дамуы бүлдіршін шағынан бастап есейгенге дейін дами береді. Кез келген бала өзінің ақыл-ой, санасына әрі қарым-қабілетіне қарай ізденуге бейім тұрады. Бірақ оның дұрыс жолда даму жағдайлары әртүрлі және түрлі жағдайларға байланысты.Атап айтқанда айналасындағы ересектердің, ұстаздардың бағыт беруіне қарай көрінеді.

Қазіргі кезде заман өзгерген сайын, уақыт өлшеміне қарай баланың қиялы да өзгеріп бара жатқаны айқын. Бүгінгі заман балаларының ойлау жүйесі мен қиялының ұшқыр екенін осы сала төңірегіндегі мамандар да айтып жүр.

— Қазіргі балалардың өзгерісі өте керемет, қиялы өте ұшқыр. Бір мектепке бара қалсаң балалар робот құрастырып жатады. Басқа мектепке бара қалсаң, тағы бірдеңемен айналысып жатады. Енді бірінде компьютермен айналысады. Бір мектепте балалар видеомен сурет жасап жүр. Енді қараңыз бұлар технологияға жақын деген сөз. Бұл не деген сөз? Бұл яғни балалардың жаңашылдыққа деген көзқарасы ерекше дегенді білдіреді,- деді сұхбат берген еді “Білім айнасы” қауымдастығының Президенті Қуантай Амантайұлы.

prioritet24.infoprioritet24.info

Дарынды балаларды ерекшелендіріп тұратын нәрсе ол – ой еңбегіне қабілеттілік, көрсем-білсем деген қызығушылық, тың дүниені білуге деген ұмтылыс. Талантты бүлдіршіндер күрделі тапсырманы құмарлана, сүйсіне орындайды. Дарынды балаға тән қасиет өз бетінше іздену әрі шығармашылықпен еңбектену.

Көбіне “дарынды оқушы – ол жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан.

Дегенмен қазіргі ұрпақ осы уақытқа дейінгі қол жеткен жетістіктерді меңгеріп қана қоймай, одан әрі жетілдіре түсуде. Түрлі салада адам сенгісіз табыстарға қол жеткізеді. Ең бастысы балалар шығармашылығын дамытатын ұстаз өзі де шығармашылықпен терең айналысатын жан болу керек

Дерек: Кейбір ресми статистикалық мәліметтерге қарағанда 18 миллионнан астақ еліміз тұрғындарының үштін бірі балалар екен.

Олар Республика халқының шамамен 31 пайызын құрайды. Нақты айтқанда 5 млн 600 мың адамнан асады. Мұндай деректі inAlmaty.kz келтірді.

Заман өзгерген сайын, жыл өткен сайын балалар шығармашылығының дамуында өзгерістердің бары айқын. Дегенмен оларды шығармашылықпен айналысуға тарту

Қызықтыру өз алдына бөлек әңгіме.

— Негізі баланы өнерге баулудың екі тәсілі бар. Бірі алдау, екінші мәжбүрлеу. Ал біз екеуін де жасай алмаймыз. Біз ақпарат саласында жұмыс істейміз, алдай алмаймыз. Біз тек қызығушылығын ояту арқылы ғана тартамыз. Мынандай жазсаңдар, мынадай сыйлық бар деген сияқты,- деген пікірде “Білім айнасы” қауымдастығының Президенті Қуантай Амантайұлы.

vb.kgvb.kg

Бүгінде балалар қандай өнерді көбірек таңдайды деген сауал баршаны мазалайды. Бұған қатысты мамандардың пікірі әр қилы.

— Әр байқау сайын әртүрлі. Бірде көркемсөз жанрына балалар көптеп келсе, бірде эстрдалық вокал, кейде тіпті аспапта өнер көрсететін өрендердің қарасы көбейеді,-дейді Республикалық "Жас-Дарын" дарынды балалар орталығының жетекшісі Нұрсерік Дүнгенбайұлы.

Мәселен қазіргі балалардың майлы бояу, сурет салу, қылқаламға деген қызығушылығы сырттай бұрығы жылдармен салыстырғанда төмендеген сияқты болып көрінуі мүмкін. Әйтседе осы салада тер төгіп жүрген мамандардың айтуынша мүлдем олай емес екен.

Қайта алдында нақты мақсат қойған балардың сурет өнерін таңдауы қайта көбейе түскен.

Көбісі болашақта дизайнер болам, оқуға түсем деген сияқты бағытпен келіп жатады.Сондай мақсаттары бар. Балаларды көрмеге апарып қатыстырамыз. Қызығушылық бар ғой әрине. Сурет салып үйренсем, әдемі картиналарды мен де жасасам деген оймен келеді. Қысқасы азайған жоқ. Керісінше көбейіп жатқан сияқты,- дейді Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында балаларды бейнелеу өнеріне баулитын үйірменің ұстазы Әсел Дәулетқызы

Ал сурет өнерінің баланың дамуына зор әсері бары белгілі. Ол әсіресе, бүлдіршіндердің мінез-құлқына, дамуына оң әсер етеді екен.

— Сурет өнері ең бірінші баланың жазуын түзейді. Нашар жазатын кішкентай 5-6 жастағы баланың жазуын түзейді. Сосын моторикасына пайдалы. Бұған қоса бір орнында отырмайтын шыдамсыз балалар отырып үйренеді. Әдемілікке, сұлулыққа, эстетикалық талғамына, түсті шешуді, үйлесімділікті дамытады. Жалпы сурет өнерінің балаға ешқандай зияны жоқ, қайта пайдасы болмаса. Эмоционалды психикалық жағынан, мектептегі стрессті шығарады,- деді Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында балаларды бейнелеу өнеріне баулитын үйірменің ұстазы Әсел Дәулетқызы.

childcamp.com.uachildcamp.com.ua

Ұстаздың айтуынша Сурет сала отырып баланың миы да дем алады екен. Ал жазу өнеріне бейім шығармашыл балаларда да уақытына қарай өзгерістер пайда болған. Әсіресе, соңғы жылдары балалардың шығармашылығында, жазуында немесе тақырып таңдауында ерекше сілкініс, өзгешелік бар екен.

— Бұрынғы Пионер (журнал) тігіндісін ақтарып отырсам ол кездегі балалар өзінің ойын жазады екен. Ал қазіргі кезде келген хаттарды оқып отырсам, балалар осы заманның қатты өзгеріп кеткенін және біз соған сай болуымыз керек, оқуымыз керек, біз патриот болуымыз керек деген мағынада хаттар жазады. – дейді «Ақ желкен» журналының бас редакторы Балжан Мұратқызы

Жалпы мамандар бүгінгі заманның өнерлі балалары кез келген салада жаңашыл бағыттарды қолдайтынын айтады.

Соңғы жаңалықтар