Жаңажылдық кештерге 200 млрд теңге жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңажылдық кештерге 200 млрд теңге жұмсаған

Жаңажылдық кештерге 200 млрд теңге жұмсаған

200 млрд теңге.

  • 24 Желтоқсан 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz

Былтыр қазақстандықтар Жаңа жылдық корпоративтерге осынша қаражат жұмсапты. Ал, қымбат мейрамханаларды айтпағанда,  қарапайым дәмханалардың  өзі бір кеште 3 млн  теңгеге дейін таза пайда тапқан екен. Алайда биыл  бәрі өзгерген сияқты. Қымбат дастархан, арнайы шоу-бағдарламалармен қазір ешкімді таңғалдыра алмайтынын түсінген ұйымдастырушылар,  жаңа бір дүние ойлап тауыпты.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Всем лежать, никаму не двигаться! Расследоватьльный отдел, держи крепко»

Жо-Жоқ, бәрі сіз ойлағандай емес! Бұл жаңа форматтағы Жаңа жылдық корпоратив. Иә, қазір қымбат мейрамханамен де , отандық жұлдыздар қатысқан арнайы шоу бағдарламамен де ешкімді таңғалдырып, аузын аштыртып, көзін жұмдыра алмайсың.  Есесіне, құттықтаудың осындай жолы кәдімгідей сұраныс тудыртып отыр бүгінде.  

БОЛАТ ЖҰБАНОВ,  МЕРЕКЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Суть в том что кого мы разыгрываем они 99 процентах случая верят , что это правда. А потом после того как узнают что это был пранк приходит эйфория»

Десе де, дәстүрдегідей қымбат мейрамханаларда тойлататындар да жоқ емес. Арзан дегені 15, ал қымбаты  50 мыңнан басталады.  

ЕКАТЕРИНА МИХЕЛЬ, МЕЙРАМХАНАНЫҢ АРТ-ДИРЕКТОРЫ:
«Бізде ішімдіксіз корпоративтер тек балаларда немесе спортшылардың отырысында ғана болады. Мүмкін ол жақсы да шығар, бірақ әрине бизнес тұрғысынан қараған кезде алкоголь өнімдерімен өткен отырыс біз үшін әлдеқайда тиімді.»

Ал қарапайым халық жаңа жылдық корпоративке қанша жұмсауға дайын екен? Оны өздерінен сұрап көрейік.

«Сколько потребует того ситуация»
«Бір көп болса, 7-10 мың»
«Бір жыл бойы біз өте жақсы жұмыс істейміз. Бір рет енді нормальный корпаратив жасау керек қой»

Алайда сол «нормальный корпаратив» дегенді әркім әрқалай түсінеді, бар мәселе де осында ғой.  
 
«Я назову планету именем твоим, и будет мир прнадлежать всегда лишь нам двоим»

Мәселен, өмірді бір-ақ  рет сүреміз деп,  Ресейдің танымал әншісі София Ротаруды 85 млн теңгеге шақырмақшы болған қазақстандық кәсіпкер көпшіліктің қатаң сынына ұшырап еді былтыр. Ал биыл мұндай жаңалықты естімедік әлі. Соған қарағанда  үнемдеуді үйренген сияқты ғой көбісі.

САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ
«Кәсіпорындардың өз қаражатын үнемдеу мәселесінде азаматтардың өз қаражатын үнемдеу мәселесінде, енді тоқтатты деп айта алмаймын, корпоративтер болып тұр бірақ бұрынғыдай жай шашатын емес, үнемдеуге өтіп жатырмыз. Ол бірінші мәдениет, екіншіден қаражатты тиімді пайдалану»



Қалай болғанда да былтыр жаңа жылдық  корпоративтерге қазақстандықтар жалпы жиыны 200 млрд теңге жұмсапты. Былай қарсаң аз сомма емес. Ал биыл қандай шығын болары  әзірге белгісіз. Белгілісі,  біз хабарласқан мейрамханалардың ешқайсысы бос болмады. Соған қарағанда осы апта шулы корпоративтерге толы болатын сияқты.

Соңғы жаңалықтар