"Жаңбыр, көктайғақ және тұман": алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаңбыр, көктайғақ және тұман": алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Жаңбыр, көктайғақ және тұман": алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер 23-25 желтоқсан аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынына болжам жасады.

  • 22 Желтоқсан 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын шашын болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон жырасы әсер ете бастайды. Алдымен республиканың батыс аймақтарында, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен сулы қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен қатты жел болады», — делінген хабарламада.

Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар