"Жаңбыр, найзағай, сел, бұршақ": Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаңбыр, найзағай, сел, бұршақ": Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады

"Жаңбыр, найзағай, сел, бұршақ": Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады

Алматы қаласында 28 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

  • 28 Тамыз 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрап, ескерту жасады деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Сондай-ақ, желдің күшеюі кезінде төмендегідей қауіпсіздік шараларын ұсынды:

— ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
— егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
— көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз.
— қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

Одан бөлек, Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупі сақталуда. 


«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарып қалуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз»,- деп ескертті ТЖД мамандары. 

Соңғы жаңалықтар