Ербол Қаршығаев, «Ақтау Электрикс» ЖШС директорының орынбасары:
— Крематорий қолданысқа берілгенге дейін аулаға көму арқылы жою болған. Осы аумақтан көптеген жұқпалы аурулар шықты. Сол себепті биыл 1 мамырынан бастап крематорийді қолданысқа енгіздік.
Қала сыртындағы крематорийге апарып өртеу үшін барлық иесіз үй жануарларын аулау шарасы қызу жүруде. Мына мамандар бұрынғыдай итті өлтіру үшін кәдімгі қос ауыз мылтықты емес, у құйылған инені қолданады. Ол ыңғайлы әрі қауіпсіз. Жануардың жаны кеткен соң, оны пеште жоғары температурада жағып жібереді. Бүгінге дейін крематорийде 214 ит пен 31 мысық жойылды. Ал крематорийді салуға 5 миллион теңге жұмсалыпты.