«Жаным, кешір мені». Семьясы бар жігітке шыққанын біліп асылып қалған қызға қатысты жаңа деректер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жаным, кешір мені». Семьясы бар жігітке шыққанын біліп асылып қалған қызға қатысты жаңа деректер

«Жаным, кешір мені». Семьясы бар жігітке шыққанын біліп асылып қалған қызға қатысты жаңа деректер

Атырау облысында асылып қалған қызға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

  • 22 Қараша 2017
  • 334
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиғаға қатысты мән-жайды Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, оқиға жайлы Д. деген азамат хабарлаған. Ол қорада келіні Қайып Данараны асылып тұрған жерінен тауып алғанын айтқан.

«Атырауда 6 қараша күні қайғылы жайт орын алды. Іс материалдары сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандар мәйітті қарап, оның мойнынан странгуляциялық зақымы бар екенін анықтаған, басқа жеріне зақым келмеген. Десе де, әдеттегідей сот-медициналық сараптама жүргізілді. Қорытындысы әзірше дайын емес», — деп жазды ол.

Облыс прокурорының айтуынша, қыз жігітпен 2016 жылы күзде «ВКонтакте» желісі арқылы танысып, сөйлесіп жүрген. 2017 жылғы маусымда жігіт Ақтөбеге барып, Данарамен кездескен. Сөйтіп екеуі үйленуге келіскен.
Жігіттің айтуынша, ол Атырауға қызды некелесуге келісім берген соң алып кеткен. Атырауға келгенде жігіттің ата-анасы оларды өз үйінде тұрғызуға рұқсат берген және қайғылы оқиға дейін олар сол үйде тұрған.

«Қайғылы оқиға болатын күні жігіттің ата-анасы үйде болмаған, жігіт те Оралға бір асқа бару үшін жол жүріп кеткен. Жігіт 15.22-де қыздан «жаным кешір мені» деген хабарлама алған. Оның «неге?» деген сұрағына қыз «жай» деп жауап берген. Екі сағат өткен соң жігіттің әкесі телефон соғып, қыздың асылып қалғанын айтқан», — дейді прокурор.


Сонымен қатар, Данараға дейін жігіттің үйленгені және баласы бар екендігі анықталды.

«2013 жылы жігіт бір қызбен танысып, олар кездесе бастаған. 2014 жылы жігіт қыздың жүктілігін біліп, некесін тіркеткен, алайда олар бірге тұрмаған. Олардың 2014 жылғы қыз баласы бар. Ал Данарамен бірге тұрып жатқан уақытта жігіт өз әйелімен ресми түрде некеде болған. Жігіттің айтуынша, Данара оның әйелі жайлы білген және бұл мәселеге қатысты ешқандай жанжал болмаған. Қазіргі таңда осы қылмыстық іс облыстық прокуратураның бақылауында. Сараптамалар тағайындалған. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлайтын боламыз», — дейді прокурор Ернат Сыбанқұлов.

Соңғы жаңалықтар