"Жанын жеп, жұлынып жатыр": Нұрлан имам Ганвестті көргендегі әсерімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жанын жеп, жұлынып жатыр": Нұрлан имам Ганвестті көргендегі әсерімен бөлісті

"Жанын жеп, жұлынып жатыр": Нұрлан имам Ганвестті көргендегі әсерімен бөлісті

"На рахате" әнінің орындаушысы Ганвест өнер көрсеткен концертте белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы да болған еді. Сахнаға ерекше образбен шығатын музыканттың өнерін тамашалағандағы имамның реакциясы видеоға түсіп қалып, желіде қызу талқыға түскен еді. 

  • 22 Желтоқсан 2022
  • 683
Фото - Caravan.kz

Имам тікелей эфирде желі оқырмандарының "Ганвестті көріп шошып кеттіңіз бе?" деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Шошыған жоқпын. Ганвест жаман бала емес. Қазақтың баласы. Сіздер оның түріне қарамаңыздар. Адамның іші одан да жаман "Ганвесттер" бар. Іші сондай, сырты әдемі адамдар бар. Әдемі тақия, шапан киіп алған, сақалы болуы да мүмкін. Адамның сыртына қарап үкім берілмейді. Соған қарап тұрдым да, "Иа, Алла! Осы жігітке тәубе бер" дедім. Екіншіден, әлі біздің жұмысымыз көп екен деп ойладым", — деген.

Ал, "Ганвест әнді қалай айтады екен?" деген сауалға ""Ни че". Жанын жеп, жұлынып жатыр. Ән айту оңай емес. Қазақта "жаныңды салып айтасың" дейді ғой", — деп жауап берген Нұрлан Байжігітұлы.


 

Соңғы жаңалықтар