Жан-жануармен жақынырақ таныстыратын орталық ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жан-жануармен жақынырақ таныстыратын орталық ашылды

Жан-жануармен жақынырақ таныстыратын орталық ашылды

Жан-жануармен жақын таныстыру үшін Алматыда жас натуралистер орталығы қайта ашылды. Енді жазғы демалысқа шыққан бүлдіршіндер бос уақытында орталықтағы аң-құстар мен жан-жануарлар, жәндіктер және бауырымен жорғалаушыларды күтумен айналыса алады.

  • 6 Маусым 2014
  • 202
Фото - Caravan.kz


Зообақ ішінде құрылған демалыс орталығында қазір тек бірнеше қоян мен сарышұнақ, дәуіт, тасбақа мен қоңыздар ғана бар. Бірақ алдағы уақытта жануарлардың қатарын көбейтіп, балалардың қызығушылығын арттыру көзделіп отыр. Ол үшін бүлдіршіндер ветеринарлармен бірге жұмыс істеп, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға бейімделмек. Қазірдің өзінде оннан астам бала тіркеліп, түрлі үйірмелерге қатысуда. Жаздың соңына дейін жұмыс істейтін орталық бұдан өзге сурет және қолөнер көрмелерін ұйымдастыруды дәстүрге айналдыруды жоспарлапты. Алғашқы суретшілердің туындылары бүгін көпшілік назарына шығарылды.