Жапондар Құранды жатқа оқудан жарысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапондар Құранды жатқа оқудан жарысты

Жапондар Құранды жатқа оқудан жарысты

Шараны Japan Islamic Trust басшылығы Құран жаттау жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесе өткізген.

Конкурс қатысушылары екі топ – жасөспірімдер және ересектер, ұлдар мен қыздар тобына бөлінд

  • 23 Қаңтар 2017
  • 603
Фото - Caravan.kz

Конкурс қатысушылары екі топ – жасөспірімдер және ересектер, ұлдар мен қыздар тобына бөлінді. Жеңімпаздар үш санат: Құранды әдемі оқу, жатқа оқу және 5 жүз (тарау), 2 жүз, 1 жүз және қасиетті Құран Кәрімнің 0,5 жүз (тармағын) жатқа айту бойынша анықталды.

Шараның салатанатты марапаттау рәсіміне араб-ислам институтының директоры Насер әл-Наим, Japan Islamic Waqf директоры шейх Акил Седики, сондай-ақ жапониялық белгілі мұсылман қайраткерлері қатысты. Ал, жеңімпаздарға ұмра қажылығына жолдама берілген.


Айта кетейік, Жапонияда мұсылмандар саны шамамен 70 000-ды құрайды. Жапония мұсылман ассоциациясының мәліметінше, 10 мыңнан аса жергілікті жапон ислам дінін қабылдаған.