Жапондық корпорация Кентау трансформатор зауытынан жабдықтар сатып алуға ниет білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапондық корпорация Кентау трансформатор зауытынан жабдықтар сатып алуға ниет білдірді

Жапондық корпорация Кентау трансформатор зауытынан жабдықтар сатып алуға ниет білдірді

Жапондық кәсіпкерлер Кентау трансформатор зауытынан жабдықтар сатып алу жөніндегі келісім шартына қол қоймақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық индустрия департаментінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2003
  • 487
Фото - Caravan.kz

Жуырда Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңалау жөніндегі тендерді жеңіп алған Жапондық корпорация өкілдерінің бір тобы Кентаудағы трансформатор зауытында болды. Өкілдер зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен және өнім сапасымен танысты. Жапондық кәсіпкерлер «ТМ-1600 кВа» және «ТМ-630 кВа» маркалы тарнсформаторлық жабдықтарға ерекше қызығушылық танытты. Өздеріне қажетті ақпаратқа қаныққан жапондық бизнесмендер ниет хаттамасына қол қойды. Мұнай өңдеу зауытының энергетикалық кешенін жаңалауға арнап жабдықтар сатып алу жөніндегі келісім шартына қыркүйек айында қол қойылады деп межеленді. Әзірше шарттың құны жарияланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар