Жапония бұдан былай атом энергетикасына тәуелділігін төмендете бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония бұдан былай атом энергетикасына тәуелділігін төмендете бермек

Жапония бұдан былай атом энергетикасына тәуелділігін төмендете бермек

Жапония өз жерінде жаңа атом реакторларын салмайтын болады.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 326
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Бұдан былай елдің атом энергетикасына деген тәуелділігін бірте-бірте төмендете бермекпіз», — деді С.Абэ. «Бізде жаңа реакторлар салу жөнінде ешқандай жоспар жоқ», — деп атап өтті ол. Сонымен қатар, оның айтуынша, жапон үкіметі елде апаттық жағдайға байланысты тоқтап қалған реакторлардың жұмысын қайта жандандырудың қажеттілігіне де күмәнмен қарауда.

«Фукусима-1» атом электрстансасындағы апаттан кейін Жапонияда барлық АЭС-тің жұмысы тоқтатылған болатын. Үкімет былтыр қабылданған қатаң қауіпсіздік талаптарына жауап беретін бірқатар реакторларды іске қосуды ойластыруда. Қазіргі уақытта 4 жапондық компания 6 АЭС-тегі 12 реакторды қосу жөнінде ұсыныс тастады. Олардың өтінішін аумақ басшылығы қарап жатыр. Аталған мәселеге қатысты шешім 2014 жылдың алғашқы айларында қабылдануы тиіс.