Жарияланды: 560

Жапония экономикасы рецессияға ұшырады

Жапония экономикасы рецессияға ұшырады

Жапония экономикасы рецессияға  ұшырады - елдің ішкі жалпы өнімі қатарынан екі тоқсан бойы төмендеп келеді, деп хабарлады Би-би-си ел үкіметіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі жария етілген министрлер кабинетінің баяндамасында жазылғандай, шілде-қыркүйек айларында ІЖӨ бұрын күтілгендей 0,2% емес,  0,8%-ға төмендеді. 

Екінші тоқсанда ішкі жалпы өнім 0,7%-ға қысқарды. Үшінші тоқсанда ІЖӨ-нің  60% құрайтын ішкі тұтынушылық сұраныс 0,5% өсті.

Сарапшылар ағымдағы тоқсанда экономикалық көрсеткіштердің өсімін күтіп отыр. Алайда төменгі көрсеткіштер салдарынан Жапония билігі экономиканы ынталандыру мақсатында қосымша шараларды қабылдауы мүмкін.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін